Головкиннің қолғабы аукционға шығарылды

Фотография - Головкиннің қолғабы аукционға шығарылды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің бокс қолғабы қайырымдылық аукционына шығарылды.

262 0

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің бокс қолғабы қайырымдылық аукционына шығарылды. Саудадан түскен қаражат кикбокстан әлемнің вице-чемпионы Азамат Нұрпейісовті емдеуге жұмсалады, деп хабарлайды Bnews.kz.

Бәссауданы "Астана" мейірімділер клубының" негізін қалаушы Гүлмира Әбдірашева ұйымдастырып отыр. Оның айтуынша, Головкиннің қолғабын боксшының менеджері Олег Герман жіберіпті. Ал Геннадидің өзі Азамат Нұрпейісовтің ертерек жазылып кетуін тілепті.

Лоттың бастапқы бағасы – 30 000 теңге. Бәссауда Әбдірашеваның Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында өтеді. Қолғапты сатып алған адам ақшаны тікелей Азамат Нұрпейісовтің шотына жібереді, содан кейін ғана қолғапты алып кете алады.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!