ФИФА Иранның әйелдер құрамасында ер жігіттердің жоқ екенін айтып отыр

Фотография - ФИФА Иранның әйелдер құрамасында ер жігіттердің жоқ екенін айтып отыр

ФИФА медициналық комиссиясының өкілі Зохре Харатян Иранның әйелдер құрамасында ер жігіттердің жоқ екенін мәлімдеді

203 0

ФИФА медициналық комиссиясының өкілі Зохре Харатян Иранның әйелдер құрамасында ер жігіттердің жоқ екенін мәлімдеді. Бұл жайында The National басылымы хабарлап отыр. 

"Тағылып отырған айыптардың ғылыми дәлелі жоқ" деді Харатян. Оның айтуынша, қыздар құрамасындағы ойыншылардың кейбірі бұрындары қатты ауырып, содан түрлері өзгеріске ұшыраған көрінеді.

Айта кетейік, 1 қазан күні футболдан Иран қыздар құрамасындағы 8 ойыншының ер жігіттер екені және олардың жыныстарын ауыстыру операциясын жасатқалы жатқандығы туралы ақпарат тараған болатын. Бұл даудан кейін елдегі футбол шенеуніктері бүкіл футболшылардың жынысын тексеріп шығу бастамасын көтерді. 

 

baq.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!