ШҚО әкімі Ольга Рыпакованы құттықтап, 1 млн теңге табыстады

Фотография - ШҚО әкімі Ольга Рыпакованы құттықтап, 1 млн теңге табыстады

Шығыс Қазақстан әкімі Даниал Ахметов әлем чемпионатының жүлдегері Ольга Рыпакованы құттықтап, 1 млн теңге табыстады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады

236 0

Шығыс Қазақстан әкімі  Даниал Ахметов әлем чемпионатының жүлдегері Ольга Рыпакованы құттықтап, 1 млн теңге табыстады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов Бейжіңде өткен жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болған Ольга Рыпакованы құттықтап, Қазақстан Конституциясының 20 жылдығына орай мерейтойлық төсбелгісімен марапаттап, 1 млн теңге көлеміндегі сертификат табыстады. 
Ольга Рыпакова ағымдағы жылдың 23-30 тамыз аралығында Қытайдың астанасы Бейжіңде өткен әлем чемпионатында ел намысын қорғап, үшінші орын иеленген. 
– Менің еңбегімді елеп-ескерген облыс әкімдігіне алғысымды білдіремін. Бұл жеңіс мен үшін жетістік қана емес, үлкен жаттығу алаңындай болды. Себебі, қазіргі күні келесі жылы Рио-де-Жанейрода өтетін ХХХІ жазғы олимпиада ойындарына дайындалу үстіндемін, – деді ол. 
Сондай-ақ, Ольга Рыпакова келесі жылы наурыз айында АҚШ-та өтетін әлемдік чемпионатқа қатысуды жоспарлап отырғанын жеткізді. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!