Олжас Сәттібаев алғашқы жекпе жегін жеңіспен бастады

Фотография - Олжас Сәттібаев алғашқы жекпе жегін жеңіспен бастады

Дегенмен, Катарда өтіп жатқан әлем чемпионаты қазақстандық боксшылар үшін сәтті басталды деп айтуға келмейді.

176 0

Катарда өтіп жатқан әлем чемпионаты қазақстандық боксшылар үшін сәтті басталды деп айтуға келмейді. 


Рио олимпиадасына жолдама беретін әлем біріншілігінде отандастарымыздың арасынан алғашқы болып рингке 52 келіге дейінгі салмақтағы боксшымыз Олжас Сәттібаев көтерілген. Су жаңа Азия чемпионы өз білгенінен жаңылмай жеңіске жетті. Сәттібаевтың алғашқы қарсыласы украиналық Игорь Сопинский жерлесіміз алдында дәрменсіздік танытты. Қапталдағы төрешілердің екеуі жеңісті Сәттібаевқа берсе бірі Украина боксшысын жеңіске лайық көріпті. 


Одан кейін ринг төріне көтерілген Зәкір Сафиуллин ресейлік Адлан Абдурашидов алдында дәрменсіздік танытты. 60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Зәкірді қапталдағы төрешілердің біреуі ғана жеңімпаз деп таныпты. Бұл салмақта біздің құрама Риода өтетін олимпиада ойындарына жолдаманы алып қойған. Берік Әбдірахманов олимпиада жолдамасын AIBA Pro Boxing турнирі аясында жеңіп алған. 

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!