Головкин Лемьемен жекпе-жекте "нағыз драмалық шоу" көрсетуге уәде берді

Фотография - Головкин Лемьемен жекпе-жекте "нағыз драмалық шоу" көрсетуге уәде берді

163 0

WBA ("супер"), IBO және WBC ("уақытша") тұжырымдамалары бойынша титулдардың иегері қазақстандық Геннадий Головкин (33-0, 30 КО) 17 қазан күні Нью-Йорктағы Madison Square Garden аренасында өтетін IBF тұжырымдамасы бойынша орта салмақтағы (72,6 келіге дейін) әлем чемпионы канадалық Давид Лемьемен (34-2, 31 КО)  жекпе-жегінің алдында бұл айқасты ұзақ есте қалатын оқиға етуге уәде етті.

 Бұл туралы sports.kz жазады.

"Біз жаңа жаттығу идеялары мен стратегияны қолдандық. Бұл жекпе-жек мен үшін күрделі сынақ болады деп ойлаймын. "Мэдисонда" бокстасу - бұл арман, себебі мен аты аңызға айналған бұл орынның тарихын білемін. Бұл бокстың Меккесі тәрізді. Нағыз драмалық шоу күтіңіздер", - деп мәлімдеді ол. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!