"БИІК-Қазығұрт" "Барселонамен" тең ойнады

Фотография - "БИІК-Қазығұрт" "Барселонамен" тең ойнады

386 0

Шымкенттік "БИІК-Қазығұрт" футбол клубы әйелдер арасындағы УЕФА Чемпиондар Лигасы 1/16 финалдық ойынының алғашқы кездесуінде каталондық "Барселонамен" тең тарқасты, деп хабарлады Аламан.

7-ші қазан күні Шымкентте өткен кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.

57-ші минутта қонақтар сапынан Рут Гарсия есеп ашып, командасын алға шығарды. Қазақстандық ұжым 82-ші минутта таразы басын теңестіріп кетті. Голдың авторы — Лиза-Мария Вудс.

Естеріңізге сала кетейік, қарымта кездесу 15-ші қазан күні Барселонада өтеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!