Бокстан әлем чемпионатында бүгін үш боксшымыз рингке шығады

Фотография - Бокстан әлем чемпионатында бүгін үш боксшымыз рингке шығады

Қазақстандық жанкүйерлер Қайрат,Жәнібек және Василийдің боксын тамашалай алады

180 0

Бүгін Катар астанасы Дохада өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Қазақстанның үш боксшысы шаршы алаңға көтеріледі. 

Сағат 17.00-де басталатын жарыстың күндізгі сессиясында 56 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін жерлесіміз Қайрат Ералиев өзбек боксшысы Муроджон Ахмадалиевпен күш сынасады.

Сағат 22.00-де басталатын кешкі сессияда екі боксшысымыз: Жәнібек Әлімханұлы (75 келі) мексикалық Мисаэль Родригеспен, Василий Левит (91 келі) бразилиялық Жуан Гонсальвес Ногуэйрамен жұдырықтасады.

Аталған жекпе-жектерді KazSport телеарнасы тікелей эфирден көрсетпек.

Естеріңізге салайық, кеше алғашқы кездесулерін өткізген Олжас Сәттібаев (52 келі) екінші айналымға жолдама алса, Зәкір Сафиуллин (60 келі) Ресей боксшысына есе жіберді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!