Головкин онжылдықтағы соққысы ең ауыр боксшылардың қатарына енді

Фотография - Головкин онжылдықтағы соққысы ең ауыр боксшылардың қатарына енді

Американың Bleachereport.com сайты соңғы онжылдықтағы соққысы ең ауыр он боксшының есімдерін жариялады.

213 0

Американың Bleachereport.com сайты соңғы онжылдықтағы соққысы ең ауыр он боксшының есімдерін  жариялады.

Үздік панчерлердің ондығындағы бесінші орын Геннадий Головкинға тиді. Бірінші үштікте Виталий мен Владимир Кличко, сондай-ақ  Деонтей Уайлдер құрап отыр.

"Геннадий Головкиннің сырт келбеті мен мәнері дене шынықтырудан жайдары жаттықтырушыға ұқсас. Алайда рингте ол өзгеріп сала береді. Қарсыласын есеңгіретеді, соққылары аса ауыр әрі қауіпті. Давид Лемьеге қарсы дебюттік pay-per-view жекпе-жегіне дайындық уақытына қарай Головкиннің еншісінде 20 нокаут бар. Ол 33 қарсыласының 30-ын нокаутқа жіберді", деп жазады аталмыш сайт.

 

ҚазАқпарат

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!