Қазақстан – Голландия матчының билеттері арзандады

Фотография - Қазақстан – Голландия матчының билеттері арзандады

Қазақстан Футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов Қазақстан мен Голландия арасында өтетін матчтың билеттері арзандатылғанын мәлім етті.

128 0

Қазақстан Футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов Қазақстан мен Голландия арасында өтетін матчтың билеттері арзандатылғанын мәлім етті.

«Соңғы уақытта елімізде футболдың деңгейі көтеріліп, халықтың бұл спорт түріне қызығушылығы артып келеді. Бұл, әрине, бәрімізді де қуантады. Дей тұрғанмен, айта кетер жағдай, екінің бірінің стадионға келіп, өз командасына жанкүйер болуға мүмкіндігі бола бермейді. Сол себепті менің тапсырмаммен билет құнын арзандату туралы шешім қабылданды. Енді билеттер 2-6 мың теңге аралығында сатылады.

"Осы сәтті пайдалана отырып, астаналықтарды 10 қазан күні сағат 22:00-де «Астана Аренаға» Қазақстан құрамасына жанкүйер болуға шақырамын. Қазақстанда футболдың деңгейі қандай дәрежеде екенін, қазақстандықтардың футболды қаншалықты деңгейде жақсы көретінін білсін қонақтар", - дейді Е.Қожағапанов.

Айта кету керек, бұл Қазақстан құрамасының Еуро-2016 біріншілігінің іріктеу кезеңі аясында өз алаңында өткізетін соңғы матчты.

 

Bnews.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!