Қазақ қызы дойбыдан Ресей чемпионы болды

Фотография - Қазақ қызы дойбыдан Ресей чемпионы болды

Ресейдің Астрахань қаласында тұратын қазақ қызы, халықаралық дәрежедегі гроссмейстер Жанна Саршаева 64 шаршылы дойбыдан елдің екі дүркін чемпионы атанды.

182 0

Ресейдің Астрахань қаласында тұратын қазақ қызы, халықаралық дәрежедегі гроссмейстер Жанна Саршаева 64 шаршылы дойбыдан елдің екі дүркін чемпионы атанды. 

Ол орыс шахматы бойынша өткен чемпионат шеңберінде екі бірдей алтын медаль жеңіп алды.

Жанна алдымен аса жылдам ойналатын ойында жеті рет жеңіске жетіп, екі матчты тең аяқтап, 9 мүмкіндіктен 8 ұпай жинап, топ басына дара шықты. Ол сондай-ақ жылдам ойналатын келесі ойында 9 мүмкіндіктен 7 ұпай алып, 28 қатысушының арасында бірінші орынға көтерілген. Бұл жолы ол 7 рет ұтып, 2 мәрте тең ойнап, 1 рет ұтылған.

Жанна Сәбитқызы Саршаева 1993 жылғы 29 сәуірде Астрахань облысы Володар ауданының Володар селосында туған. Бұл уақытқа дейін Ресейдің қыздар арасындағы 9 дүркін, әйелдер арасындағы 4 мәрте чемпионы атанған. Сол сияқты әлемнің қыздар арасындағы 9 рет чемпионы. Әйелдер арасындағы 2013 жылғы әлем чемпионы, 2007, 2011 жылдардағы күміс жүлдегері, Еуропаның 2014 жылғы чемпионы. Әлемнің МАРШ нұсқасы бойынша 2007 жылғы қола жүлдегері, Жасөспірімдер арасындағы бірінші Бүкіләлемдік олимпиаданың жеңімпазы (2006), Екінші Бүкіләлемдік интеллектуалдар ойындарының қола жүлдегері (2012), Бірінші Әлем лигасының күміс жүлдегері (2011).

Даңқты қандасымызды әкесі Сәбит Саршаев жаттық­тырады, деп хабарлайды egemen.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!