Том Леффлер: Головкин танымалдылық жағынан Уордтан асып түсті

Фотография - Том Леффлер: Головкин танымалдылық жағынан Уордтан асып түсті

227 0

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен америкалық Андре Уорд арасындағы жекпе-жекке деген сұраныс күн өткен сайын азайып барады. Бұл туралы қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер мәлім етті.

Оның айтуынша, Головкин Уордпен кездесуге қызығып отырған жоқ.

"Егер келешекте бұл жекпе-жек өтіп жатса, артық етпейді. Дегенмен, Уорд жартылай ауыр салмаққа өтіп, ресейлік Ковалевпен кездеседі. Геннадий танымалдылығы жөнінен Уордтан асып түсті. Сол себепті Уордпен жекпе-жек өткізу бізге қызық емес", - дейді Леффлер.

Естеріңізге саламыз, Головкин келесі кездесуін 17 қазан күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренада канадалық Давид Лемьеге (34-2, 31 КО) қарсы өткізеді. Бұл жекпе-жек АҚШ-та ақылы трансляциялар жүйесі арқылы (PPV) көрсетіледі. Ал қазақстандықтар бокс кешін «Қазақстан» ұлттық арнасынан тамашалай алады.

 

 Bnews.kz


Тегтер:

головкин уорд

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!