"Еуразия Барысы" турнирі тікелей эфирде көрсетіледі

Фотография - "Еуразия Барысы" турнирі тікелей эфирде көрсетіледі

Тараз қаласында өтетін ІІІ халықаралық «Еуразия Барысы» турнирі «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі

150 0

Тараз қаласында өтетін ІІІ халықаралық "Еуразия Барысы" турнирі «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлайды kaztrk.kz.

Оған 8 мемлекеттен 56 спортшы қатысады деп күтілуде. Белдесулер 55, 66, 74, 82, 90, - 100, +100 келі салмақ дәрежелері бойынша өтеді.

Додада Грузия, Қырғыз Республикасы, Польша, Ресей, Өзбекстан, Түркия, Моңғолия және Қазақстан құрамаларының палуандары командалық құрамда белдеседі. Турнирдің жалпы жүлде қоры 18 800 000 теңгені құрайды.

Айта кетейік, биылғы қазақ күресінің бәсекесі Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орайластырылған.

 

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!