ІІІ Халықаралық "Еуразия Барысы" турнирінің жеңімпазы - Қазақстан құрамасы

Фотография - ІІІ Халықаралық "Еуразия Барысы" турнирінің жеңімпазы  - Қазақстан құрамасы

Бүгін Таразда өтіп жатқан Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ІІІ Халықаралық "Еуразия Барысы" турнирі аяқталды.

351 0

Бүгін Таразда өтіп жатқан Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ІІІ Халықаралық "Еуразия Барысы" турнирі аяқталды. Турнирдің финалында Қазақстан мен Өзбекстан құрама командалары кездесті.

Қазақстан құрамасының 55 килограмда Айдос Сейпілұлы, 66 килограмда Ғалымжан Абдрахманов, 74 килограмда Айдос Ғалымов, 82 килограмда Мақсат Мәзібаевтар финалда алғашқы төрт жекпе-жектен кейін-ақ 4:0 есебімен абсолютты жеңімпаз болды. Оның үстіне барлық төрт жеңіс те мерзімінен бұрын аяқталды. Өкінішке орай Айбек Нұғымаров ұарсыласына есе жіберіп қойды. Қазақстан құрамасы жалпы есепте 5:2 есебімен аяқтап, Өзбекстан құрамасын тізе бүктірді.

Сөйтіп, қазақстандық палуандар қазақ күресінен турнир жеңімпазы атанды. Екінші орында - Өзбекстан құрамасы. Үшінші орында 6:1 есебімен Ресей құрамасын жеңген Грузия палуандарына бұйырды.

"Тараз-Арена" спорт сарайындағы сайыстарға Грузиядан, Қазақстаннан, Қырғызстаннан, Моңғолиядан, Польшадан, Ресейден, Түркиядан және Өзбекстаннан 8 палуандар командасы қатысты. Халықаралық "Еуразия Барысы" турнирінің телевизиялық нұсқасы әлемнің 126 еліне таратылды.

Турнирді "Қазақстан Барысы" қазақ күресін дамыту қоры, "Астана" ПКСК, ҚР қазақ күресі федерациясы, спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы Жамбыл облысының әкімдігі мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды.

Жарыстың жалпы жүлде қоры 18,8 млн теңгені құрады. Жеңімпаз 9,4 млн теңгені иеленсе, екінші орын алған команда 5,64 млн теңге, үшінші орын алған ұжым 3,76 млн теңге олжалайды.

Алғаш рет ұлттық спорт түрлерін дәріптеуге бағытталған қазақ күресі бойынша "Еуразия Барысы" халықаралық турнирі 2013 жылы Тараз қаласында өткен болатын. Оған Еуропа мен Азияның сегіз елінен спортшылар қатысты. 2013 жылы Қазақстан құрамасы жеңіске жетсе, 2014 жылы жеңіс тұғырына Моңғолия командасы көтерілді.

Суретті түсірген: Салим Көкрекбаев



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!