Бірінші тайм қорытындысы бойынша Голландиялықтар Қазақстан құрамасынан басым түсті (фото)

Фотография - Бірінші тайм қорытындысы бойынша Голландиялықтар Қазақстан құрамасынан басым түсті (фото)

Таблода есеп – 1:0.

234 0

Елорданың "Астана Арена" стадионында өтіп жатқан футболдан 2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі Қазақстан-Нидерланд арасындағы матч барысында қонақтар есеп ашты. 
Ойынның 33-ші минутында нидерландық футболшы Вейналдум Қазақстан құрамасының қақпасына гол салды. Айта кетерлігі, ойынның 5-ші минутында Бауыржан Исламхан жарақат алып қалған болатын. Сондықтан оның орнына Қазыбек Гетериев шықты.

Матчқа франциялық рефери Клеман Турпен бастаған төрешілер тобы қазылық етуде. Есте болса, бұл төреші 2011 жылы Түркия-Қазақстан матчында қызмет атқарған болатын. Сол ойын 2:1 есебімен түрік футболшыларының жеңісімен аяқталған еді. Ал, Турпен сол кездесуде 5 сары қағаз көрсетіп, Түркия құрамасының футболшысы Инан Сельчукті алаңнан қуды. Қазақстан құрамасының сапында Александр Мокин, Юрий Логвиненко және Таңат Нөсербаев сары қағаз алды. Сонымен қатар, Қазақстан құрамасының қақпасына пенальти белгіленді. Алайда, он бір метрлік айып добын орындаған Бурак Йылмаз қақпашы Александр Мокиннен айласын асыра алмады. 

33 жастағы франциялық төрешіге отандастары Фредерик Кано мен Николя Дано көмектеседі. Төртінші төреші - Хишман Закрани. Төрешінің қосымша көмекшілері - Фреди Фотрель мен Бенуа Бастьен.

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!