Келесі маусымнан бастап Премьер-лига клубтары қазақстандық футболдың түлегі емес 8 футболшыны ғана тіркей алады - ҚФФ

Фотография - Келесі маусымнан бастап Премьер-лига клубтары қазақстандық футболдың түлегі емес 8 футболшыны ғана тіркей алады - ҚФФ

Астанада Қазақстан футбол федерациясы атқарушы комитетінің отырысы өтті. Кәсіпқой футбол лигасы Кеңесінің ұсынысы бойынша жиында бірқатар шешімдер қаралды әрі бекітілді. Бұл туралы ҚФФ баспасөз қызметі хабарлады.

242 0

Астанада Қазақстан футбол федерациясы атқарушы комитетінің отырысы өтті. Кәсіпқой футбол лигасы Кеңесінің ұсынысы бойынша жиында бірқатар шешімдер қаралды әрі бекітілді. Бұл туралы ҚФФ баспасөз қызметі хабарлады.

Отырыс барысында 2016, 2017 және 2018 жылғы маусымда кәсіпқой футбол клубтары арасындағы жарыстарды өткізу құқығы Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасына берілді. Сондай-ақ, келесі маусымнан бастап Премьер-лига клубтары қазақстандық футболдың түлектері саналмайтын 8 футболшыны ғана тіркей алады. Олардың алтауының алаңға шығуға құқығы бар. Сонымен қатар, Лига Кеңесінің ұсынысы бойынша Бірінші лига клубтарына қазақстандық футболдың түлегі саналмайтын 3 футболшыны қосу ұсынысы бекітілді. 2016 жылғы маусымда Премьер-Лига клубтарында жас ойыншылардың (лимитчик) ойынға қатысуы міндетті емес. Алайда, матч хаттамасында міндетті түрде екі жас футболшы тіркелуі керек. Бірінші лигада 3 жас футболшы (лимитчик) қатысуы тиіс.

Бұған қоса "Қазақстан Республикасы футбол клубтарын сертификациялау ережесі мен УЕФА клубтық турнирлеріне қатысатындар үшін қаржылық "Фэйр - плей" ережесі және "Делдалдармен жұмыс бойынша ҚФФ ережесі" бекітілді.

Сонымен қатар, қазақстандық футболды дамытудың басқа да өзекті сұрақтары талқыланды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!