Иван Дычко Әлем чемпионатының финалында жұдырықтасатын болды

Фотография - Иван Дычко Әлем чемпионатының финалында жұдырықтасатын болды

Дохада бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалында қазақстандық боксшы Иван Дычко 91 келіден астам салмақта өзінен төрт жас кіші, 21 жасар өзбекстандық Баходир Джалоловпен күш сынасты.

204 0

Дохада бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалында қазақстандық боксшы Иван Дычко 91 келіден астам салмақта өзінен төрт жас кіші, 21 жасар өзбекстандық Баходир Джалоловпен күш сынасты.

Иван Дычко бұл бәсекеде сабырлы да сауатты қимылдап, тәжірибесінің де, шеберлігінің де басым екендігін көрсете білді. Биылғы Азия чемпионатының ширек финалында И.Дычко осы Б.Джалоловты 3:0 есебімен тізе бүктірген болатын. Бұл - екінші жеңісі. Осыған дейінгі екі әлем біріншілігінде И.Дычко қос медаль (бір қола, бір күміс) иеленген еді. Енді, міне, тағы бір финалға шығып отыр. Алда - франциялық Тони Йокамен алтын жүлде үшін айқас әрі суперсалмақта әлем чемпионы ғана Олимпиада жолдамасына қол жеткізетін болады.

Айта кетейік, бұдан бұрын 69 келі салмақта Қазақстан құрамасының капитаны Данияр Елеусінов әзербайжандық Парвиз Багировты айқын басымдылықпен ұтып, финалға шығумен бірге Олимпиада жолдамасын ұтып алды. Ол соңғы бәсекеде марокколық боксшы Мохаммад Рабиимен күш сынасады. Осы әлем чемпионатына дейін-ақ олимпиада жолдамасын иеленген М.Рабии дүниежүзілік рейтингте Даниярдан кейін екінші орында тұр. Демек, осал қарсылас емес. Батыс Қазақстан боксының түлегі Д.Елеусінов финалда марокколықты ұтса, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев секілді әлем біріншілігінің екі дүркін жеңімпазы атанатын болады.

Сөйтіп Доха чемпионатының финалында Қазақстаннан қос боксшы сынға түспек. Басқалары жүлдеден тыс қалды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!