2017 жылы Астана алғаш рет каратэден әлем чемпионатын қабылдайды

Фотография - 2017 жылы Астана алғаш рет каратэден әлем чемпионатын қабылдайды

Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" партиясының елордалық филиалының басшысы Сапар Аxметов мәлім етті

242 0

2017 жылы Астана алғаш рет каратэден әлем чемпионатын қабылдайды. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" партиясының елордалық филиалының басшысы Сапар Аxметов мәлім етті.

"2017 жылы біздің елде "ЭКСПО-2017" шарасынан бөлек көптеген маңызды шаралар өтпек. Соның бірі - Астанада алғаш рет өткелі отырған каратэ киокушинкайдан әлем чемпионаты. Онда біздің жас спортшылар да қатысады. Біріншілікте олар жоғары орындарға ие болады деп үміттенеміз", - деді ол.

Айта кетейік, Каратэнің бүкіләлемдік федерациясы келесі Әлем кубогі 2017 жылы Астанада сарапқа салынады деп бекіткен еді.

Қазіргі уақытта Астана дайындық жұмыстарына кірісіп кетті. Қазан айында қазақстандық делегация Жапонияда чемпионат өткізу бойынша ұйымдастыру комитетімен кездесіп, әлем біріншілігін өткізудің қыр-сырын талқылап қайтқан болатын. Қазақстан аталмыш чемпионатты өткізу жөніндегі өтінішін 2005 жылы тапсырған еді.

Еске салайық, қазақстандық каратэшілер Литвада, Португалияда Әлем кубоктарында жақсы нәтиже көрсетті. Жақында Йоxаннесбургтен оралған жас спортшылар 17 алтын, 9 күміс және 2 қола медаль еншіледі. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!