Головкин мен Лемье баспасөз мәжілісін өткізді

Фотография - Головкин мен Лемье баспасөз мәжілісін өткізді

Головкин мен Лемье 17 қазан күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden кешенінде кездеседі

654 0

Нью-Йоркте кәсіпқой бокстан орта салмақтағы WBA (Super), IBO және WBC (Interim) чемпиондық белбеулерінің иегері Геннадий Головкин мен канадалық боксшы Давид Лемье жекпе-жек алдындағы баспасөз мәжілісін өткізді деп хабарлайды Vesti.kz. 

Головкиннің бапкері Абель Санчестің айтуынша, Лемье жұрт ойлағандай мықты қарсылас емес. Головкин қарсыластарының ішіндегі ең тәуір боксшы америкалық Кертис Стивенс болатын деді ол өз сөзінде. Головкин Стивенсті 2013 жылы нокаутпен жеңген еді.

"Менің пікірімше, Давид бұл жекпе-жекте өзінің қалыптасқан стилін өзгертпейді. Ол әдеттегідей ашық төбелеске ұмтылып, Головкиннің нокаут жасауына көп мүмкіндік береді. Менің пікірімше, Кертис Стивенс Давидтен қарағанда қауіпті болатын. Өйткені, ол тек жылдам боксшы емес, сондай-ақ, ауыр соққыларды көтере алатын боксшы, Лемье ондай емес" деді Санчес журналистермен болған әңгіме барысында.

Естеріңізге салайық, Головкин мен Лемье 17 қазан күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden кешенінде кездеседі. Астана уақытымен аталған жекпе-жек 18 қазан күні таңертең басталмақ. 


baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!