Катардағы әлем чемпионатында өзбектерге алтын бұйырмады

Фотография - Катардағы әлем чемпионатында өзбектерге алтын бұйырмады

Есесіне кубалықтар мен ресейліктер екі алтыннан алып үлгерді

260 0

Катар астанасы Дохада өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының бес жеңімпазы белгілі болды.

49 келі салмақта Куба боксшысы Йоандри Аргилагос  финалда ресейлік Василий Егоровты жеңіп алтынды еншіледі. Бұл салмақтағы қос қола жүлде украиналық Дмитро Заготаев пен
филипиндік Ладон Рогенге бұйырды.

56 келі салмақта Ирландия боксшысы жеңімпаз атанды. Күміс жүлде өзбек  Муроджан Ахмадалиевтің еншісінде. Қола жүлдегерлер Болгария боксшысы Дмитрий Асанов пен индиялық Шива Тапа.

64 келі салмақтың үздігі болып Ресей боксшысы Виталий Дунайцев танылды. Финалда ол тағы бір өзбек жігіті Фазлиддин Гайбназаровты жеңді. Жүлделі үшінші орынға Таиланд боксшысы Масук Вуттичай мен кубалық Яснэль Толедо жайғасты.

75 келі салмақта кубалық Арлен Лопеске тең келер ешкім болмады. Екінші орын өзбекстандық  Бектемир Меликузиев еншісінде. Бұл салмақтың қола жүлдесі мысырлық Хосам Абдин мен ирландиялық Майкл ОРейли еншісінде.

91 келіге дейінгі салмақта ресейлік Евгений Тищенко чемпион атанды. Финалдық кездесуде ол кубалық Эрисланди Савоннан басым түсті. Қола жүлде украиналық Геворг Манукянға бұйырды.

Бүгін, Катардағы әлем чемпионатының соңғы күнінде тағы бес салмақтағы чемпиондар мен Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алған боксшылар есімі белгілі болады. Үміттілер қатарында қазақстандық Данияр Елеусінов пен Иван Дычко да бар.

52 келі: Йосвани Вейтиа - Эльвин Мамишзаде (Азербайджан) (Алжир)

60 келі: Эльнур Абдурахимов (Узбекистан) – Робсон Консейсао (Бразилия) - Вox OFF

60 келі: Ласаро Альварес (Куба) - Альберт Селимов (Әзірбайжан)

69 келі: Парвиз Багиров (Азербайджан) – Лью Вей (Китай) - Вox OFF

69 келі: Данияр Елеусінов (Қазақстан) -Мохамед Раби (Марокка)

81 келі: Джо Уорд (Ирландия) - Хулио Сесар де ла Крус (Куба)

+91 келі: Иван Дычко (Қазақстан) - Тони Йока (Франция) 

 




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!