Қызылордада ұлттық спорт түрлерінен IV фестиваль басталды

Фотография - Қызылордада ұлттық спорт түрлерінен IV фестиваль басталды

Сыр өңірінде ұлттық спорт түрлерінен IV республикалық фестиваль бастау алды.

500 0

Тұран ойпатында орналасқан Сыр өңірінде ұлттық спорт түрлерінен IV республикалық фестиваль бастау алды. 

Төл спорттың мерейін үстем еткен шара Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына арналып отыр.

 Дүбірлі додаға Астана, Алматы қалалары мен барлық облыстардан 2 мыңға жуық спортшы қатысуда. Төрт жылда бір мәрте ұйымдастырылатын фестивальдеспорттың 13 түрі бойынша жүлделер сарапқа салынады. Ықылымнан қазақылықтың қаймағы бұзылмаған Сыр елінде ұлттық спорт фестивалі алғаш рет ерекше сән-салтанатымен өткізілуде. Ашылу салтанатына дейін төл ойындар тізбегі басталып та кеткен болатын. Алдымен ипподромда көкпар сайысы басталды. 16 команда өзара 4 топқа бөлініп, ширек финалға шығу үшін жан алып, жан беріскен тартыс өткізуде. Одан соң жылқы десе, делебесі қозған қызылордалық көрермен қыз қуудың қызығына куә болды. Төл спорттың бұл түрінен қостанайлықтар озық шықса, Оңтүстік Қазақстан облысы – күміс, Атырау және Жамбылдан келген командалар қола жүлдені еншіледі. Ал теңге ілуден 20 ұпаймен ақтөбеліктер үздік атанды. Екінші орында – Қызылорда, үштікті Батыс Қазақстан облысы қорытындылады. Сондай-ақ сақасын шиіріп, дәл көздейтіндер асық ату сайысында бақ сынауда. Фестиваль аясында әлі аламан бәйге, аударыспақ, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, құсбегілік, жамбы ату, жекпе-жек сайыстары өтеді. Сондай-ақ, "Сәнді киіз үйлер" байқауы мен "Керемет сәйгүлік" сұлу аттар байқауы да ұйымдастырылады.


24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!