Геннадий Головкин Давид Лемьені жеңіп, белбеуін тартып алды

Фотография - Геннадий Головкин Давид Лемьені жеңіп, белбеуін тартып алды

Кездесу төрешілер шешімімен сегізінші раундта тоқтатылды

818 0

Кәсіпқой бокстан орта салмақ дәрежесіндегі WBA (Super), IBO және WBC (Interim) чемпионы жерлесіміз Геннадий Головкин өзінің кезекті жеңісіне қол жеткізді. Оның бұл жолғы қарсыласы канадалық Давид Лемьені болатын.


Нью-Йорктегі Madison Square Garden кешенінде өткен жекпе-жекте Геннадий Головкин   Давид Лемьені 8-ші раундта техникалық нокаутпен жеңді.


Геннадий Головкин мен Давид Лемье арасындағы жекпе-жекте орта салмақтағы төрт бірдей белбеу сарапқа салынды. WBC нұсқасы бойынша уақытша чемпион, WBA нұсқасы бойынша суперчемпион және IBO нұсқасы бойынша чемпион титулдарына ие Г.Головкин тағы бір чемпиондық белбеуге иелік етті. Барлық белбеулерді топтастыру басты арманы екендігін сан мәрте айтқан отандасымыз, өз коллекциясын  IBF белбеуімен толықтырды


Осылайша, Геннадий Головкин кәсіпқой бокс шаршы алаңында қатарынан 21-ші кездесуін нокаутпен аяқтады. Бұл кәсіпқой бокс тарихындағы рекордтық көрсеткіш. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!