Тимур Құлыбаев Геннадий Головкинді кезекті айқын жеңісімен құттықтады

Фотография - Тимур Құлыбаев Геннадий Головкинді кезекті айқын жеңісімен құттықтады

Жерлесіміз канадалық Давид Лемьені 8-ші раундта техникалық нокаутпен жеңді

247 0

Қазақстан бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев  боксшы Геннадий Головкинді  IBF чемпионы Давид Лемьемен болған жекпе-жекте жеткен жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметінен хабарланды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан боксшысы IBF чемпионы Давид Лемьені 8-ші раундта теxникалық нокаутпен жеңді.

"Сіздің кезекті және сөзсіз жеңісіңіз барша отандастарыңызды жігерлендірді. Madison Square Garden  аренасында IBF чемпионы Давид Лемьені жеңу арқылы Сіз барша әлемге бокста қазақстандықтарға тең жоқ екенін тағы да көрсеттіңіз. Сіздің жеңістеріңіз балғын отандастарыңызды рухтандырып отырады. Болашақта жастарымыз Қазақстанның спорттағы абыройы мен атағын еселей түсетініне сенімдімін. Сізге жаңа белестерді еңсеруде табыстар тілеймін!", - деп атап өтілген Т. Құлыбаевтың құттықтауында

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!