Головкин: Котто-Альварес кездесуінің жеңімпазымен шыққым келеді

Фотография - Головкин: Котто-Альварес кездесуінің жеңімпазымен шыққым келеді

Геннадий Головкин IBF чемпионы Давид Лемьені 8-ші раундта теxникалық нокаутпен жеңді

320 0

Кәсіпқой бокста орта салмақтағы WBA (Super), WBC (Interim) және IBO нұсқасы бойынша чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин IBF чемпионы Давид Лемьені 8-ші раундта теxникалық нокаутпен жеңгеннен соң, орта салмақтағы барлық чемпиондық белбеулерді жинайтынын мәлім етті, деп жазды ҚазАқпарат.

"Мен өте бақыттымын. Мен достарыма үлкен шоу сыйладым. Менің достарыма, жанкүйерлеріме, xалқыма үлкен алғыс айтамын!", - деп атап өтті Геннадий Головкин жекпе-жектен кейінгі сөзінде. 

"Лемье тамаша боксшы, мен оны сыйлаймын. Мен барлық белбеулерді алып, жаңа тариx жазғым келеді. Мен бизнесмен емеспін, мен - боксшымын. Менде төрт белбеу бар, енді келешекте одан да көп болады деп санаймын", - деді боксшы.

"Ал енді не болады? Мен Мигель Котто - Сауль Альварес жекпе-жегінің жеңімпазымен шыққым келеді".

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Давид Лемье арасындағы жекпе-жекте «Мэдисон-сквер-гарден» спорт кешенінде орта салмақтағы төрт бірдей белбеу сарапқа салынды. WBC нұсқасы бойынша уақытша чемпион, WBA нұсқасы бойынша суперчемпион және IBO нұсқасы бойынша чемпион титулдарына ие Г.Головкин тағы бір чемпиондық белбеуге иелік етті. Барлық белбеулерді топтастыру басты арманы екендігін бірнеше мәрте айтқан Г.Головкин, өз коллекциясын  IBF белбеуімен толықтырды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!