Лемье Головкинмен қарымта кездесу өткізгісі келеді

Фотография - Лемье Головкинмен қарымта кездесу өткізгісі келеді

Өзінің ауыр соққылардың астында қалғанына қарамастан Лемье рефери кездесуді ерте тоқтатып қойды деген сенімде.

423 0

Бүгінгі таңнан бастап IBF нұсқасы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Давид Лемье қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннен жеңілуіне байланысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.  

Өзінің ауыр соққылардың астында қалғанына қарамастан Лемье рефери кездесуді ерте тоқтатып қойды деген сенімде. Бұған қоса ол Головкинмен қарымта кездесуде күш сынасатынын айтты.

"Мен оны құрметтеймін. Ол - ұлы боксшы. Кейбір раундтарда қауіп жоғары болды, бірақ ол тоқтатуға лайық дегенге сенбеймін. Біз көп нәрсені жоспарлап қойған едік және олар рет-ретімен келе жатыр еді. Мен тек қолайлы сәтті күтіп жүр едім. Сондықтан рефери кездесуді ертерек тоқтатып қойды деп санаймын. Мен әрі қарай жалғастыра алатын едім. Қазір мен ештеме демей-ақ қояйын, бірақ алдағы уақытта біз онымен кездесетін боламыз", - деді Давид Лемье.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!