Оскар Де Ла Хойя Головкин-Альварес жекпе-жегін ұйымдастыруға дайын

Фотография - Оскар Де Ла Хойя Головкин-Альварес жекпе-жегін ұйымдастыруға дайын

Геннадий Головкин Давид Лемьемен кездесіп жеңіске жеткен болатын.

353 0

Golden Boy Promotion промоутерлік компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя өзінің басты жұлдызы мексикалық Сауль Канело Альварестің (45-1-1, 32 КО) қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге   (34-0, 31 КО) қарсы жекпе-жегін ұйымдастыруға қатысуға әзір екендігін мәлімдеді.

Головкинге  WBC (Interim) титулы тиесілі және ол Альварес-Котто жекпе-жегінің жеңімпазы ие болатын WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына негізгі үміткер, деп жазды ҚазАқпарат

"Альварес-Головкин айқасын неге ұйымдастырмасқа? Бұл жекпе-жек өтуі тиіс. Міндетті түрде. Бұған еш кедергі көріп тұрған жоқпын. Сауль онымен жекпе-жекке шыққысы келеді!" - деп Оскардың сөзін келтіреді   BoxingScene.com.

Сондай-ақ Де Ла Хойя әлемнің бұрынғы чемпионы Давид Лемьемен жекпе-жегі барысындағы Головкиннің мықтылығын ерекше атап өтті.

Еске салсақ, өткен сенбіде Головкин Лемьены мерзімінен бұрын жеңіп, өзіне тиесілі WBA (Super), IBO және WBC (Interim) титулдар коллекциясына IBF белдігін қосып алды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!