Елбасы Головкинді жеңісімен құттықтады

Фотография - Елбасы Головкинді жеңісімен құттықтады

Елбасы жеделхатта Г.Головкиннің өзіне сенім артқан қазақстандықтардың үмітін ақтағанын атап өткен.

170 0

 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинге оның бокстан WBA, IBO, IBF және WBC interim тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағы үшін өткен жекпе-жектегі жеңісіне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
"Атақты қарсыласпен өткен әділ әрі ымырасыз жекпе-жекте жоғары спорттық шеберлігің мен жігерлі мінезіңді көрсету арқылы сен өз Отаның – Қазақстан Республикасын лайықты таныта білдің. Сенің жарқын жетістіктерің біздің спортшыларымыз үшін жақсы үлгі болатынына және еліміздегі бокстың одан әрі дамуын ынталандыратынына сенімдімін", – делінген құттықтауда.
Қазақстан Президенті сондай-ақ Г.Головкинге мықты денсаулық және жаңа спорт биіктерін бағындыру жолында табыс тіледі. 

Естеріңізге сала кетейік, Нью-Йорктегі Madison Square Garden кешенінде өткен жекпе-жекте Геннадий Головкин   Давид Лемьені 8-ші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!