"Астананың" негізгі құрамдағы 6 ойыншысы Мадридке ұшпады

Фотография - "Астананың" негізгі құрамдағы 6 ойыншысы Мадридке ұшпады

Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнап жатқан "Астананың" келесі қарсыласы мадридтік "Атлетико" болмақ

220 0

Сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні «Астана» УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші турындағы ойынын Мадридте өткізеді. Қарсылас – 2014 жылғы Чемпиондар лигасының финалисі "Атлетико". Осы ойынға "Астана" негізгі құрамындағы 6 ойыншы қатыспайды, деп жазды baq.kz.

Дмитрий Шомко, Марин Анчич, Рохер Каньяс, Бауыржан Жолшиев, Таңат Нөсербаев, Неманья Максимович секілді команда үздіктері Астанада қалып, ел чемпионатына дайындалып жатыр екен. Бұл ойыншылар алдағы демалыста Алматыда өтетін "Қайрат" – "Астана" кездесуіне қатысады. Бұл матчта ел чемпионының тағдыры шешілуі мүмкін. Сондықтан бас бапкер Станимир Стойлов осындай шешім қабылдаған тәрізді.

Айта кетейік, "Қайрат" пен "Астананың" арасын қазіргі кезде 5 ұпай бөліп тұр. Дегенмен елордалық клубтың бір ойыны кем. Чемпионаттың аяқталуына үш тур қалды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!