"Алтын допқа" үміткерлердің қатарында "Ювентустан" жалғыз ақ футболшы бар

Фотография - "Алтын допқа" үміткерлердің қатарында "Ювентустан" жалғыз ақ футболшы бар

Былтырға жылы "Алтын доп" Криштиану Роналдудың қанжығасында кеткен болатын

261 0

"Алтын допқа" үміткер 23 футболшының есімідері белгілі болды. Бұл тізімге "Барселонадан" алты , "Реал" мен "Бавариядан" бестен футболшылар енді. Өз кезегінде "Манчестер Сити" командасынан үш футболшы үздіктер қатарында.Ал, чемпиондар лигасының финалына шыққан "Ювентус" командасынан жалғыз ақ футболшы еніп отыр.

 Толық тізім төмендегідей:

Лионель Месси, Луис Суарес, Неймар, Андрес Иньеста, Хавьер Маскерано, Иван Ракитич (Бәрі "Барселона") Криштиану Роналду, Гарет Бэйл, Карим Бензема, Тони Кроос, Хамес Родригес(Бәрі "Реал") Серхио Агуэро, Яя Туре, Кевин де Брюйне(Бәрі "Манчестер Сити") Эден Азар ("Челси"), Златан Ибрагимович(ПСЖ) Роберт Левандовски, Томас Мюллер, Мануэль Нойер, Арьен Роббен, Артуро Видаль("Бавария") Поль Погба("Ювентус") Алексис Санчес("Арсенал").

30 қарашада ұлттық құраманың бапкерлері мен капитандарының дауыс беру нәтижесінде финалға шыққан үш футболшының есімдері белгілі болады. Ал, "Алтын доп" иегерінің есімін жанкүйерлер келер жылдың он бірінші қаңтарында Цюрихте өтетін салтанатты жиында біледі.

Естеріңізге салсақ, соңғы жеті жыл қатарынан "Алтын допты" Лионель Месси мен Криштиану Роналду өзара бөлісіп келген болатын. Биыл да бұл екеуіне қарсылас табылуы екіталай. Мамандар мен жанкүйерлердің көбі осы жолы "Алтын допқа" Лионель Месси лайықты деп есептейді. Өткен маусымда аргентиналық шабуылшы "Барселонамен" Чемпиондар лигасын,Испания біріншілігін және Испания кубогін жеңіп алған болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!