Илья Ильин анасын туған күнімен қазақ тілінде құттықтады

Фотография - Илья Ильин анасын туған күнімен қазақ тілінде құттықтады

Ауыр атлетикадан бірнеше рет чемпион қазақстандық танымал спортшы Илья Ильин анасын туған күнімен қазақ тілінде құттықтады

457 0

Ауыр атлетикадан сан мәрте чемпион атанып жүрген қазақстандық танымал спортшы Илья Ильин өзінің анасын туған күнімен қазақ тілінде құттықтады.

"Өз үйім, өлең төсегім» деген. Үйде түн ұйқысын төрт бөліп, аялы алақанымен әлпештеп өсірген анашым әрқашан мен үшін алаңдап, уайымдап отырады. Өйткені біз қанша ұлы болсақта, аналар үшін әрқашан бала боп қала береміз. Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды. Анашым мен сені өте қатты жақсы көремін!".

Осы арқылы спортшы анасына да, Отанына деген де махаббатын көрсетіп отыр. Әрі талай қазақстандықтар үшін үлкен үлгі болып отыр.

 baistars.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!