"Астана" "Атлетикодан" ойсырай ұтылды

Фотография - "Астана"  "Атлетикодан" ойсырай ұтылды

Топта жеңіске жетпеген жалғыз команда "Астана"

365 0

Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнап жатқан елордалық "Астана" үшінші тур аясында сырт алаңда мадридтік "Атлетико" командасымен жолықты. Негізгі құрамның бес бірдей ойыншысын үйде қалдырып, чемпиондар лигасында тәжірибесі жоқ ойыншыларға сенім артқан "Астана" командасынан қандай да бір ерлік күту әбестік болар еді. Өткен турда ойламаған жерден "Бенфикаға" ұтылып қалған "Атлетико" жанкүйерлерінің алдында бар кінасын осы ойында жуып шайды. Қос  тайымды екі голдан соққан алаң қожайындары аса көп күш жұмсамай жеңіске жетті.

"Атлетико" "Астана"  4-0

 "Атлетико" Облак, Годин, Сикейра, Савич, Хуанфран, Тьягу, Гризманн, Габи, Сауль Ньигес, Мартинес, Карраско;

"Астана" Эрич, Ахметов, Бейсебеков, Илич, Постников, Жуков, Кетевоама, Мужиков, Дедечко, Щеткин, Кабананга.

Гол соққандар: Сауль Ньигес 23 (1:0), Мартинес 29 (2:0), Оливер Торрес 63 (3:0), және 89 минуттағы Дедечконың автоголы (4:0).



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!