Сауль Альварес Головкинмен кездесуге дайын екенін мәлімдеді

Фотография - Сауль Альварес  Головкинмен кездесуге дайын екенін мәлімдеді

Бірақ мен Гена сияқты боксшымен қуана бокстасамын

593 0

Мексика боксшысы Сауль "Канело" Альварес Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығуға дайын екенін мәлімдеді, деп жазады GGG-дің ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі тобының парақшасы.

"Тыңдаңыздар, мен кездесуге дайынмын, бірақ қазір Коттомен жекпе-жекке шығуға дайындалып жүрмін. Кез келгенмен жұдырықтасуға дайынмын. Мен ешкімнен қашпаймын. Бірақ мен салмақтағы басымдықты бермеймін. Маған сабақ болды. Флойдтан жеңіліп қалғаннан кейін ұғынғаным - салмақтағы басымдықты бермеу. Не жоғары емес, не төмен емес. Сондықтан ол менімен жұдырықтасқысы келсе, 155 фунтқа дейін төмендесін, сонда мен онымен өзі қалаған кез келген күні айқасамын.

Қазіргі кезде менің денем 160 фунтқа әзірге дайын емес. Мүмкін бір немесе екі жылдан кейін 160 фунт салмақта шығатын болармын. Оны білмеймін.

Бірақ мен Гена сияқты боксшымен қуана бокстасамын. Ол - тамаша боксшы, менің ойымша бұл жекпе-жек тамаша өтеді. Мен онымен жекпе-жекті қуана өткізер едім".


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!