"Барыс" Братиславада "Слованнан" сүрінді

Фотография - "Барыс" Братиславада "Слованнан" сүрінді

Есеп 3:5.

102 0

Өткен түнде Құрлықтық хоккей лигасында ел намысын қорғайтын Астананың "Барысы" Словакия астанасы – Братислава қаласында жергілікті "Слованмен" сынға түсіп, 3:5 есебімен есе жіберді. Осылайша елордалық команда биылғы маусымдағы 17-ші жеңілісіне ұшырады. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.

Осы ойын алдында "Барыстың" бас жаттықтырушысы болып Андрей Назаров қайта тағайындалғанын атап өткен жөн. Бірінші кезең айдын иелерінің басымдығымен өтті. Кездесудің 9-минутында "Слован" сапынан Андрей Штястны есеп ашса, арада бес минут өткенде, Ладислав Надь командасының екінші шайбасын соқты. 17-минутта "Барыстың" сұрмергені Найджел Доус есеп айырмасын қысқартқанымен, үзіліске бір минут қалғанда Вацлав Недорост мергендігімен көзге түсіп, братиславалықтар 3:1 есебімен алға шықты.

Екінші кезеңде қонақтар жинақылық танытып, таразы басын теңестірудің амалын тапты. Матчтың 35-минутында Брэндон Боченски қарсыластар қақпасын дәл көздесе, 40-минутта Дастин Бойд есепті 3:3-ке жеткізді. Алайда, үшінші бөлікте словакиялықтардың шеберлігі басым болды. Нәтижесінде 46-минутта Томаш Суровы, ал соңғы минутта Кэм Баркер нәтижелі соққы жасап, командасына жеңіс сыйлады.

Бүгінде 25 ойыннан 29 ұпай жиған "Барыс" Шығыс конференциясында 12-орында келеді. Назаровтың шәкірттері келесі кездесуін бүгін сырт айдында Загребтің "Медвешчак" командасымен өткізеді.


Тегтер:

Барыс хоккей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!