Жанат Жақиянов: "Мені бүкіл Қазақстан мақтан ететін болады"

Фотография - Жанат Жақиянов: "Мені бүкіл Қазақстан мақтан ететін болады"

Жанат Жақиянов WBA тұжырымдамасы бойынша ең жеңіл салмақта әлемнің "уақытша" чемпионы Венесуэлалық Йонфрес Парехомен жекпе-жек өткізеді

472 0

Қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов (25-1, 18 КО) WBA тұжырымдамасы бойынша ең жеңіл салмақта (53,5 келіге дейін) әлемнің "уақытша" чемпионы титулына ие Венесуэла боксшысы Йонфрес Парехомен (17-1-1, 8 КО) жекпе-жек алдында көңіл күйімен бөлісті.

Бұл жекпе-жек 7 қараша күні Монте-Карлода (Монако) жоспарланған.

"Әлемдік титулдың қандай да бір тұжырымдамасын жеңген әрбір спортшы - өте жақсы айқасушы, сондықтан Парехомен жекпе-жек мен үшін күрделі болатынына сенімдімін. Сонымен қатар, мен ол үшін еңсерілмейтін кедергі болатыныма күмәнім жоқ. Соңғы 12 қарсыласымды нокаутқа жібердім, ал 7 қарашада 13-шісіне қол жеткізуді жоспарлап отырмын. Парехо менімен барлық 12 раунд бокстасып, титулын сақтап қаламын деп ойлайтын шығар. Бірақ меноны есеңгіретемін. Менің соққыларымнан ол не болғанын да түсінбей қалады", - деп келтіреді Жанаттың сөздерін Boxingscene.

"Әлем чемпионы титулына ие болу - бұл арман. Менің ғана емес, бүкіл Қазақстанның арманы. Головкин мен Шүменов Қазақстанға WBA титулдарын әкелді, мен де қалыспаймын. Үйімде жанкүйерлерім өте көп, Еуропа чемпионы титулы үшін жекпе-жекте Карим Герфиді нокаутқа жібергенімде, көп адамды қуантқан  едім. Бірақ әлемдік титулды иелену - одан да үлкен жетістік. Мені бүкіл Қазақстан мақтан ететін болады", - деді боксшы.


ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!