"Менің мақсатым - 2016 жылы Олимпиадаға қатысып, медаль алу"

Фотография - "Менің мақсатым - 2016 жылы Олимпиадаға қатысып, медаль алу"

22 жасар Дияс қазіргі кезде теннистен әйелдер қауымдастығының рейтингісінде (WTA) 51-ші орында.

1940 0

Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс Today.kz сайтының тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында теннистік маусымды қортындылап, келер жылдағы жоспарларымен бөлісті.

Биыл Зарина Дияс Уимблдон турнирінің төртінші кезеңіне дейін жетіп, "Үлкен дулыға" турниріндегі ең үздік жетістігін қайталады. 22 жасар Дияс  қазіргі кезде теннистен әйелдер қауымдастығының рейтингісінде  (WTA) 51-ші орында.

-Зарина, сіз үшін маусым аяқталды, ол оңай болған жоқ. Сіз өзіңіз үшін мұны қалай бағалайсыз?

-Мен осы маусымға ризамын, иә, ол оңай болған жоқ. Бірақ мен жақсы ойындар өткіздім, өзімнің деңгейімді тексердім. Қосымша кішкене жарақаттар да алдым. Жалпы, осының бәрін басымнан өткізгеніме ризамын. Егер менің хал жағдайым туралы айтар болсам, қазір өзімді жақсы сезінемін. Демалып, сауықтырудан өтудемін, келесі маусымға дайындық үстіндемін.


- Биылғы маусымда қандай оңтайлы әрі кереғар сәттерді  айтар едіңіз?

- Жағымды сәттер көп болды: Мария Шараповамен жақсы матч өткіздім, жерде ойнау деңгейімді көтердім. Сонымен қатар әлемдік рейтингтегі ТОП-10 ойыншылармен бірнеше ойындар өткіздім. Мұндай үздік ойыншылармен ойнаған сайын деңгейімді көтеремін. Әрине, кездесулер болды, өзімді дұрыс көрсете алмаған кездер де болды, бірақ бұл спорт, қателіктен адам үйренеді.

- Биыл есіңізде қалған кездесулерді айтып бере аласыз ба?

- Сабин Лисицкимен жақсы ойын өткіздім, 6:0, 6:0 есебімен жеңген болатынмын. Мен өзімде грутнттегі ойыныма сенімді бола түстім, біз осы салада көп жұмыс жасадық. Тағы италиялық Флавии Пенеттамен болған ойында да жақсы ойын көрсеттім, "Уимблдонның" бірінші айналымында тізе бүктірдім. Сонымен қатар "Уимблдонда" Андре Петковичпен ойын өте ауыр болды. Төртінші айналымда Мария Шараповамен кездестім, екінші сетте партияны алуға мүмкіндік болып еді. Алайда ең қиын болғаны Петковичпен болған матч, біз үш сет ойнадық

- Биылғы маусымда, уақыттың тығыз болуына байланысты , матч кезінде шаршағандығыңыз байқалмады ма? Жаттықтырушыңыз Алан Ма мен жұмыс жасауды жалғастырасыз ба?

- Жоқ, шаршағандық байқалмады. Қарашада Қытайға барып, жаңа маусымға дайындықты бастаймын.  Мен Алан Ма мен жұмыс жасауды жалғастырамын, ол өте жақсы жаттықтырушы, ол маған көп көмегін тигізді. Менде тамаша құрама.


- Келесі жылы Олимпиадалық ойындар, соған орай сіздің рейтингіңіз қатысуға мүмкіндік береді...

- Иә, менің мақсатым, Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына қатысып, медаль алу.

- Өткен маусымның қорытындысы бойынша, жанкүйерлермен арнайы мамандар тарапынан сынғандар көп болды. Осымен күресу қиын болды ма?


- Әрине, көптеген адамдар менен жоғары көрсеткіштер күтеді, алайда барлығы бірден бола қоймайды. Мен еселеп жаттығулар жасаудамын және өз мақсатыма жету үшін бар күшімді саламын. Әлеуметтік желідегі жағымсыз пікірлерге назар аудармауға тырысамын. Мені қолдап, маған сенім білдіретін барлық жанкүйерлеріме үлкен алғыс айтамын.

-Маусымды қорытындылай келе сіз өзіңізге қандай баға берер едіңіз?

 -Мен өзіме баға қоймаймын (күледі). Маусым жақсы өтті деп ойлаймын.

 

Всеволод Хван




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!