Головкин-Лемье жекпе-жегі "Мэдисон Сквер Гарден" рекордын жаңартты

Фотография - Головкин-Лемье жекпе-жегі "Мэдисон Сквер Гарден" рекордын жаңартты

Есеп бойынша жекпе-жекті 150 мың көрермен тамашалады

325 0

"Мэдисон Сквер Гарден" аренасында WBA/IBF/IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Генадий Головкин (34-0, 31 КО) мен канадалық Давид Лемье (34-3, 31 КО) арасында өткен кездесу залдағы көрермендер саны бойынша рекорд орнатты, жекпе-жек pay-per-view ақылы жүйесі арқылы таратылды. 

"Біздің қолымыздағы есептер бойынша жекпе-жекті 150 мың көрермен тамашалады. Әрине, бұдан да жоғары көрсеткішті күткен едік. Бірақ бұл бастамасы ғана екенін ескереміз. "Мэдисон Сквер Гарден" аренасына есептелген барлық билеттерді саттық (20 548 орын). Билеттен бізге 2 миллион доллар табыс түсті. Бұл – осы алаңда бокс саласы бойынша тіркелген ең жоғарғы көрсеткіш. Одан басқа халықаралық көрсетілім мен демеушілер тарапынан түскен үлкен табыстар бар. Головкин өз мақсатына тағы жақындай түсті. Орта салмақтағы барлық белбеулерге ие болу жолында бокшымыз қадамдарын нық басып келеді", - деп Генадийдің промоутері Том Лёффлер қорытындылап өтті.


bnews.kz




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!