Пакьяо сәуір айында соңғы жекпе-жегін өткізеді

Фотография - Пакьяо сәуір айында соңғы жекпе-жегін өткізеді

Пакьяоның алдағы жекпе-жегінде кімнің қарсылас болатыны әзірге белгісіз

262 0

Әйгілі филлиппин боксшысы Мэнни Пакьяо 2016 жылдың 9 сәуірінде рингке соңғы рет шығатынын мәлімдеді.

Осыған дейін 36 жастағы Пакьяо спорттағы мансабын аяқтап, саясатпен айналысуға бет бұратынын айтқан еді.  Спортшының промоутері Боб Арумның айтуынша, Пакьяоны мамыр айының ортасында Филлиппин сенатына сайлауға түспек, деп жазды ҚазАқпарат.

Пакьяоның алдағы жекпе-жегінде кімнің қарсылас болатыны әзірге белгісіз.

Негізгі қарсыластар қатарында америкалық  Теренс Кроуфорд (27 жеңіс, 0 жеңіліс) и британдық Амир Хан (31 жеңіс, 3 жеңіліс) бар. Ал Пакьяоның өзі кәсіби рингте 57 рет жеңіске жеткен. Оның 38-і нокаутпен аяқталса, алтауында жеңіліп, 2 жекпе-жек тең аяқталған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!