"Астана" Алматыда жеңіске жетті

Фотография - "Астана" Алматыда жеңіске жетті

сурет Алмаз Төлеке

Енді қос команда арасын екі ұпай бөліп тұр

160 0

Алматылық "Қайрат" елордалық "Астананы" қабылдап ұтылып қалды.

Футболдан Қазақстан біріншілігінің отызыншы турында чемпиондыққа үмітті қос клуб өзара мықтыны анықтау үшін Алматыда кездесті. Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнап жатқан "Астана" "Атлетикомен" болған ойында негізгі құрамның ойыншыларының біразына демалыс беріп, "Чемпиондық ойынға" сақтаған болатын. Керсінше, "Қайрат" бұл ойынға өз мықтыларының бәрін алаңға шығара алмады. Жарақатынан толық айыға алмаған Бауыржан Исламхан қосалқы құрамда қалса, команданың негізгі қорғаушысы Жарко Маркович та ойынды сырттан тамашалады. "Жығылғанға жұдырық" дегендей ойын басталысымен  Исаэл  жарақат алып  қалып Бауыржан Исламханға ойынға араласуға тура келді. Турнирлік кестеде бес ұпаймен алда тұрған "Қайратқа" бұл кездесуде тең ойын да жеткілікті болатын. Ал "Астанаға" чемпиондық таластың көшіне ілесу үшін қалай да жеңіске жету керек еді. Қонақтар алдына қойған мақсатына қол жеткізе алды.Ал алаң иелері қанша шабуылдағанымен "Астана" қақпасынан саңлау таба алмады. Бұл ойыннан кейін қос команда арасын екі ұпай бөліп тұр.Көш басында әлі де болса "Қайрат". Дегенмен, "Астананың" бір ойыны кем. Чемпионаттың аяқталуына екі тур қалды. Алматылық "Қайраттың" сырт алаңда "Ақтөбемен" және өз үйінде  "Ордабасымен" ойындары қалды. Ал "Астана" болса үш ойынын да өз алаңында өткізеді. Қарсыластары "Атырау", "Ертіс" және "Ақтөбе" .Өткен   маусымда да чемпиондық атақ осы екі клуб арасында өрбіп "Астананың" жеңісімен аяқталған болатын. Биылғы тәж кімге бұйыратыны әзірге белгісіз.

 

"Қайрат" – "Астана" 0-1

Гол:Таңат Нөсербаев 45 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!