Эрисланди Лара Головкинді жекпе-жекке шақырды

Фотография - Эрисланди Лара Головкинді жекпе-жекке шақырды

Лара Геннадиймен орта салмақ санатында жұдырықтасуға келіспек

447 0

WBA/IBO тұжырымдары бойынша бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы 32 жастағы кубалық Эрисланди Лара (21-2-2, 12 КО) Twitter-дегі өзінің микроблогына орта салмақтағы WBA/IBF/WBC interim/IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы 33 жастағы қазақстандық Геннадий Головкинді (34-0, 31 КО) жекпе-жекке шақырды.

Лара Геннадиймен орта салмақ санатында жұдырықтасуға келіспек. Бұдан бұрын ол Головкинга қарсы бірінші орта салмақта рингке шыққысы келетінін айтқан.

Еске салсақ, Лара өзінің келесі жекпе-жегін жартылай орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы 39 жастағы словениялық Ян Завекпен (35-3, 19 КО) АҚШ-та Флорида штатындағы Майамиде "Hialeah Park Race Track" аренасында 25 қарашада өткізбек.


ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!