Флойд Мейвезер келер жылы тағы бір жекпе-жек өткізбек

Фотография - Флойд Мейвезер келер жылы тағы бір жекпе-жек өткізбек

Кәсіпқой бокспен қош айтысқан америкалық Флойд Мейвезер келер жылдың мамырында рингке қайта оралуы мүмкін

293 0

Кәсіпқой бокспен қош айтысқан америкалық Флойд Мейвезер келер жылдың мамырында рингке қайта оралуы мүмкін. Бұл туралы АҚШ ақпарат құралдары жариялады.

2015 жылдың 9 сәуірінде АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында жаңа MGM AEG арена ашылады. Арена ашылған күні Мейвезер өз кәсіби карьерасындағы соңғы жекпе-жегін өткізеді. Сонымен, 38 жастағы чемпион рингке оралып жатса, бұл оның 50-кездесуі болмақ. Мейвезер бұған дейінгі барлық жекпе-жегінде жеңіске жеткен.

Естеріңізге саламыз, Мейвезер 13 қыркүйек күні Лас-Вегаста 49-жекпе-жегін өз отандасы Андре Бертоға қарсы өткізіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті. Осыдан кейін ол кәсіпқой бокспен қош айтысатынын мәлімдеген болатын.


Bnews.kz




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!