Мэнни Пакьяо Мэйуезермен қарымта кездесу өткізгісі келеді

Фотография - Мэнни Пакьяо Мэйуезермен қарымта кездесу өткізгісі келеді

сурет sport.bigmir.net сайтынан

Алғашқы өкен кездесуе Мэнни Пакьяо Мэйуезерден төрешілердің шешімімен жеңіліп қалған болатын

185 0

 Кәсіпқой бокстан сегіз салмақ дәрежесінде чемпион атанған 36 жастағы Мэнни Пакьяоның биыл америкалық кіші Флойд Мэйуезерден жеңіліп қалғаны белгілі. Қазір екі тарап қарымта жекпе-жек өткізу үшін келісім жүргізуде, деп жазды baq.kz.

"Мен өзімнің келесі қарсыласымның кім болатынын білмеймін. Бірақ, қазір Флойд Мэйуезермен матч-реванш үшін келіссөздер жүргізіп жатырмыз" деді Пакьяо америкалық журналистермен болған сұхбатында.

Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Пакьяо өзінің соңғы жекпе-жегін көктемде өткізетінін мәлімдеген болатын. Ал, Мэйуезер болса спорттық жолын жуырда аяқтаған. Дегенмен, 49 жекпе-жек өткізіп, барлығын жеңген америкалық боксшы келер жылдың мамыр айында 50-ші соңғы жекпе-жегін өткізуі мүмкін.

2016 жылдың 9 сәуірінде Лас-Вегас қаласында 20 мың орынға арналған жаңа MGM AEG аренасы ашылады. Осы салтанатты шара кезінде қос боксшының бірі өз жекпе-жегін өткізеді деген болжам айтылуда. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!