Головкиннің келесі қарсыласы 21 қарашада анықталады

Фотография - Головкиннің келесі қарсыласы 21 қарашада анықталады

21 қараша күні Францияда өтетін бокс кешіндегі басты кездесу жерлесіміз Геннадий Головкиннің келесі қарсыласын анықтауға негіз болады

640 0


21 қараша күні Францияда өтетін бокс кешіндегі басты кездесу жерлесіміз Геннадий Головкиннің келесі қарсыласын анықтауға негіз болады.

Оның барысында ата тегі Камеруннан шыққан француз Хассан Н’Дам Н’Жикам (31-2,18 КО) мен грузин боксшысы Автандил Хурцидзе (31-2-2,20 КО) IBF ұйымы рейтингінің екінші орны үшін қарымта жекпе-жекке шығады.

Спортшылардың қайсы жеңгені IBF рейтингінің бірінші орнында тұрған Багам аралдарының тумасы Туреано Джонсонмен күш сынасады. Ал кейін осы кездесудің жеңімпазы Головкинмен шаршы алаңға шығатын болады.

IBF ұйымының чемпиондығы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге тиесілі екендігін айта кетейік, деп жазады boxingplanet.ru.

 

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!