Британдық басылым Головкинді жеңіп кетуі мүмкін боксшылардың есімін атады

Фотография - Британдық басылым Головкинді жеңіп кетуі мүмкін боксшылардың есімін атады

boxingnews.kz

GGG-ге лайқты қарсылық көрсетуі және жерле­сімізді жеңіп кетуі мүмкін бес боксшының есімі анықталды.

453 0

Бокс туралы жазатын Ұлыбританияның "Boxing News" журналы «Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы кім болуы мүмкін?" деген тақырып төңірегінде ой қозғады деп хабарлайды Айқын газеті.

Журналдың жүздеген тілшілері жүргізген сараптама негізінде GGG-ге лайқты қарсылық көрсетуі және жерле­сімізді жеңіп кетуі мүмкін бес боксшының есімі анықталды.

Олар – пуэрторикалық Мигель Котто, мексикалық Сауль Аль­варес, ирландиялық Энди Ли, америкалық Андре Уорд және ұлыбританиялық Джеймс Дигейл.

Бұл есімдердің барлығы жанкүйерлерге жақсы таныс. 34 жастағы Котто 44 кездесуде 40 рет (33 нокаут) жеңіске жеткен.

25 жастағы Альварес 45 кездесуде 43 рет (32 нокаут) үстемдік танытты. 1 рет ұтылып, 1 бәсеке тең аяқталды.

31 жастағы Ли 37 жекпе-жек өткізіп, 34 рет (24 нокаут) басымдыққа ие болды. 2 рет ұтылып, 1 бәсекеде тең есеп тіркелді.

Уорд болса, әлі жеңіліп көрген емес. Бірер айдан кейін 32 жасқа толғалы отырған АҚШ боксшысы 28 кездесудің барлығында (15 нокаут) жеңіс тойын тойлады.

Ал 29 жастағы Дигейл 22 рет рингке көтерліп, 21 мәрте (14 нокаут) өз қарсыластарын қапыда қалдырды.

Осы боксшылардың кейбірі әуес­қой­лар арасындағы жарыста Қазақ­станның боксшыларымен жұдырықтасқан бола­тын. Мәселен, Энди Ли біздің Геннадий Головкин мен Бақтияр Артаевтан ойсырай ұтылды. Ал Джеймс Дигейл Бей­жің Олим­пиадасында Артаевтан басым түсті.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!