"Астана" турнирлік кестеде бірінші орынға шықты

Фотография - "Астана" турнирлік кестеде бірінші орынға шықты

сурет vesti.kz сайтынан

Кейінге қалдырылған "Атыраумен" болған ойында елордалық команда жеңіске жетті

412 0

Футболдан Қазақстан чемпионатының кейінге қалдырылған 24-туры аясындағы "Астана" мен "Атырау" арасындағы кездесу өтті. Өткен турда сырт алаңда "Қайратты" жеңген "Астана" бұл жолы "Атырауды" да қапы қалдырды.

Осы жеңісінің арқасында "Астана" турнир кестесінде бірінші орынға шықты. Қазіргі кезде "Астана" мен "Қайрат" арасын бір ұпай бөліп тұр. Алда екі тур бар. "Астана" алдымен өз алаңында "Ертісті" қабылдаса, соңғы турда "Ақтөбемен" кездеседі. Ол ойын да "Астана Аренада" өтеді. "Қайрат" өз кезегінде "Ақтөбемен" сырт алаңда, "Ордабасымен" өз үйінде ойнайды. 

"Астана" – "Атырау" – 4:1

Голдар: Каньяс, 13 (1:0). Бейсебеков, 23 (2:0). Аржанов, 30 (2:1). Нөсербаев, 73 (3:1). Кабананга, 90+2 (4:1).

«Астана»: Эрич, Илич, Аничич, Бейсебеков, Шомко, Мұжықов, Каньяс, Максимович (Кетевоама, 75), Жуков, Твумаси (Кабананга, 87), Нөсербаев (к) (Щеткин, 75)

«Атырау»: Нарзикулов, Чичулин, Айтбаев, Одибе, Эсатов, Сапаров, Диакате (Тілешев, 80), Эссаме (к), Пархачев (Фомин, 46), Байжанов (Заречный, 58), Аржанов.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!