Футбол жанкүйерлері "Астана" ойыншыларын қолдау мақсатында ерекше дайындалуда

Фотография - Футбол жанкүйерлері "Астана" ойыншыларын қолдау мақсатында ерекше дайындалуда

Елордалық футболшыларды қолдау үшін 20 мыңнан аса жанкүйер жиналмақ.

1271 0

3 қарашада Чемпиондар Лигасының топтық кезеңі аясында елордалық "Астана" клубы өз алаңында испандық "Атлетико Мадрид" құрамасын қабылдайды. Матч "Астана Арена" стадионында сағат 21:00-де басталады.
Елордалық футболшыларды қолдау үшін 20 мыңнан аса жанкүйер жиналмақ. 29 қазандағы жағдай бойынша ticketon.kz сайты арқылы 20 мыңға жуық билет сатып алынды, ал, 30 қазаннан бастап билеттерді қаланың кассаларынан сатып алуға болады.
Футбол жанкүйерлері "Астана" ойыншыларына қолдау көрсету үшін ерекше акция ұйымдастыруда. Барлық стадион ән орындайды, кез-келген адам әнді  supportastana.kz сайтында дауыс беру арқылы таңдай алады. Сондай-ақ, байқауда үздік айқайлаушы сайысы ұйымдастырылады. Байқауға өтініш 1 қараша, сағат 22:00 дейін қабылданады. Нәтижесі 2 қараша күні белгілі болады.
Көрермендер мен жанкүйерлер стадионда "Астана" футбол клубының атрибуттары мен жанкүйерлеріне арналған пайдалы заттарды ала алады. Стадионға № 10, 12, 27, 4, 43, 51, 55 қоғамдық көліктер арқылы жетуге болады.
Сонымен қатар, көрермендер мен жанкүйерлер үшін 6 мекен-жай бойынша шаттл автобустар ұйымдастырылады:
  – "Қазақстан" спорт сарайының көлік тұрағы ( Қажымұқан к-сі);
  – "Хазірет Сұлтан" мешіті (Қошқарбаев к-сі);
  – "Нұр Астана" мешіті (шығыс жағындағы көлік тұрағы);
  – Елордалық цирк (Қорғалжын тасжолы бойындағы көлік тұрағы);
  – Қ. Мұнайтпасов атындағы стадионнның көлік тұрағы (Кенесары к-сі);
   – "Жастар" театрының көлік тұрағы (бұрынғы опера және балет театры, Затаевич к-сі).
  Арнайы автобустардың жол құны қоғамдық көліктердің жолақысы бағасымен бірдей. Жол жүру билеті жарамсыз.
  Қайтар жолда Қабанбай батыр даңғылындағы "Астана Арена" стадионы тұрағында  белгіленген шаттлдар мен № 10, 12, 27, 28, 30, 40, 43, 51, 55, 61 маршрут автобустары қатынайды.
  Астана қаласы  ІІД хабарлауынша, сол күні сағат 19:00-ден бастап матч аяқталғанға дейін қоғамдық көлік пен такси қызметінен басқа көліктер үшін Қабанбай батыр даңғылы мен Тұран көшесінде (Керек-Жәнібек хандар дәне Хусейн бен Талал көшелерінің қиылысы аралығы) жол қозғалысы шектеледі. Ұсынылатын айналма жол – Орынбор көшесі.
  Қала тұрғындары мен қонақтары, Астана қаласының Халықаралық әуежайына және жақын маңайдағы елді-мекендерге жету үшінжол жүру маршрутын алдын ала жоспарлау қажет. 
Сіздерге футбол матч кезінде көлік қозғалысы шектеулі көшелер мен арнайы шаттлдары жинау бекеттерінің толық картасын ұсынамыз.

astana.gov.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!