Шведова WTA рейтингінде әлемнің алтыншы ракеткасы атанды

Фотография - Шведова WTA рейтингінде әлемнің алтыншы ракеткасы атанды

сурет sports.kz сайтынан

Шведова жаңартылған жұптық рейтингте Қазақстан өкілдері арасында үздігі болып отыр

255 0

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) нұсқасы бойынша жұптық разрядтың жаңартылған рейтингінде алтыншы болып қалды.

Шведова жаңартылған жұптық рейтингте Қазақстан өкілдері арасында үздігі болып отыр. Тағы бір қазақстандық - Зарина Дияс бір сатыға көтеріліп, 179-шы орынға орнықты. Жұптық разрядтағы рейтингтің көш басында Үндістан өкілі Сания Мирза болса, екінші орында - швейцариялық Мартина Хингис, үшінші орынға америкалық Бетани Маттек-Сандс жайғасты.

Жеке разрядтағы рейтингте Дияс қазақстандықтар арасында үздік болып отыр. Ол бір аптада 52 позицияны сақтады, Путинцева 84-ші орыннан 72-шіге көтерілді, Шведова 82-ші орында қалды. Жеке разрядтағы рейтингте америкалық Серена Вильямс - бірінші, румыниялық Симона Халеп - екінші, испаниялық Гарбин Мугуруза - үшінші орында, деп хабарлады sports.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!