"Астана" клубымен "Атлетиконың" жартылай негізгі құрамы ойнауы мүмкін

Фотография - "Астана" клубымен "Атлетиконың" жартылай негізгі құрамы ойнауы мүмкін

Диего Симеоне соңғы ойынмен салыстырғанда өз командасына бірқатар өзгерістер енгізуі мүмкін

177 0

Mundo Deportivo тілшісі Хавьер Гомардың пайымынша, УЕФА чемпиондар лигасының бүгінгі Қазақстанда өтетін ойыны "Атлетико" үшін зор маңызға ие болғанына қарамастан Диего Симеоне соңғы ойынмен салыстырғанда өз командасына бірқатар өзгерістер енгізуі мүмкін. Ұшып келу ұзақтығын, алдағы кездесу өтетін жасанды төсенішті, сонымен қатар жексенбі күні "матрасшылардың" Хихон қаласының "Спортинг" командасымен кездесетіндігін  ескергені жөн.

Испандық тілшінің жазуынша, Эль Чоло (Диего Симеоненің лақап аты, "Үндіс" деп аударуға болады) жексенбі күні астанаға аттанара алдында бастапқы құрамда жасыл алаңға шығатын 11 ойыншыны анықтаған жоқ.  Оның болжамынша, агрентиналық маман "Астана" командасымен өтетін ойынның алғашқы сәттерінде өнер көрсететін футболшылар тізіміне кемінде 2 немесе 3 өзгерту енгізуі мүмкін. Яғни, Қазақстан чемпионымен кездесетін бастапқы құрамда Сауль Ньигес, Оливер Торрес пен Фернандо Торрес болуы ықтимал.

Сауль өзіне алаңға шығуға мүмкіндік берілетін ойынның екінші кезеңінде жақсы қырынан көзге түсіп жүр. Сондықтан Симеоне 90 минут жасыл алаңда жүретін орталық ойыншылардың бірі Габи не болмаса Тьягу Мендешке демалуға мүмкіндік беретін шығар. Оливер Торрес бүгінде команданың үздік ойыншысына айналған Карраскоға өз орнын беріп қойған. Бірақ, бүгін бұл футболшыға өзін танытуға мүмкіндік туындайтын сияқты.

Ал "Атлетико" үшін өзінің 100-ші голын соғуды жан-тәнімен қалайтын Фернандо Торрестің негізгі құрамда жасыл алаңда ойқастауға мүмкіндігі бар. Бұл үш ойыншыдан бөлек, команда бапкері алғашқы минуттарда Стефан Савичті немесе Гильерме Сикейраны ойынға қосуы мүмкін.


Қазақпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!