''Астана'' ''Атлетикомен'' тең ойнап, топтан шығу мүмкіндігін сақтап қалды

Фотография - ''Астана''  ''Атлетикомен'' тең ойнап, топтан шығу мүмкіндігін сақтап қалды

"Астана Аренада" өткен кездесуде қос команда да мергендігімен көзге түсе алмады

1551 0

УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ''Астана-Арена'' стадионында кездескен елордамыздың ''Астана'' командасы мен испандық ''Атлетико'' клубы бір-бірінің қақпасына гол сала алмады. Осылайша, Астанадан үш ұпай алып қайтамыз деген "Атлетиконың" ойлағаны жүзеге аспай "Астанамен" ұпай бөлісуіне тура келді. 

Бірінші таймнан кейін алаң қонақтары шабуылды үдетіп, ''Астана''-ның қақпасына гол салуға тырысты. Алайда ''Астана'' командасы осал емес екенін дәлелдеп, ''Барселона'' мен ''Реалды'' жеңген ''Атлетико''-мен тең түсті. Тіпті, керісінше, ''Атлетико'' қақпашысын састырған сәттер көп болды. 

Ойын барысында Бауыржан Жолшиев ескерту алса, Марин Аничича мұрнын жаралады. Ойын соңында испандықтар шабуылды үдетіп, ''Астана'' қақпасының алдында қауіпті сәттер көбейе түсті. Бірақ ''Астананың'' қақпашысы Ненад Эрич пен өзге де футболшыларының мықты ойыны матч соңына дейін есепті тең ұстады. 


Естеріңізге сала кетейік, 22 қазан күні ''Астана'' командасы Мадридте ''Атлетико'' клубынан 4:0 есебімен ұтылып қалған еді.

"Астана" "Атлетико"  0-0


''Астана'': Ненад Эрич, Марин Аничич, Неманья Максимович, Фокси Кетевома, Серікжан Мұжықов, Бауыржан Жолшиев, Бранко Илич, Евгений Постников, Дмитрий Шомко, Роджер Каньяс, Джуниор Кабананга.

Қосалқы құрам ойыншылары: Владимир Логиновсий, Денис Дедечко, Елдос Ахметов, Георгий Жуков, Алексей Щеткин, Игорь Пикалкин, Абзал Бейсебеков.

''Атлетико'': Облак, Диего Годин, Гильермо Сикейра, Тьяго, Коке, Антони Гризманн, Фернандо Торрес, Габи (к), Сауль, Хуанфран, Хосе Мария Хименес.

Чемпиондар лигасында тұңғыш рет ойнап, топтық кезеңнен бірақ шыққан "Астана" командасы өз алаңында өткізген бес ойынның ешбірінде ұтылған жоқ.Бұл дәстүр 25 қарашада өтетін "Бенфикаға" қарсы ойында да жалғасады деп сенеміз


 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!