Ронда Роузи Головкинге жекпе-жегі алдында қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты

Фотография - Ронда Роузи Головкинге  жекпе-жегі алдында қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты

Ронда Роузи мен Головкин екеуі әр жекпе- жегі сайын бір- біріне сәттілік тілеп отырады

458 0

UFC нұсқасы бойынша ең жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Ронда Роузи (12-0) қазақстандық, WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдамалары бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинге өзіне көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді. Бұл туралы ол Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жазды.

Қазан айының соңында Головкин АҚШ-тың Калифорния штаты Глендейл қаласындағы Роузидің UFC 193 турнирі аясында өтетін титулдық жекпе-жегіне дайындық жасап жатқан залына барған болатын. Бұл кездесу 14 қарашада австралиялық Мельбурнда өтеді. Чемпионның қарсыласы он жекпе-жектің тоғызын жеңіспен аяқтаған Холли Хоум болмақ, деп жазды ҚазАқпарат

Бұған дейін Головкин Роузидің жекпе-жегін тағатсыздана күтіп жүргенін айтып, чемпионға сәттілік тілеген болатын.

Еске сала кетейік, Роузи Головкиннің UFC-тегі сүйікті боксшысы болып табылады. Өз тарапынан америкалық боксшы Қазақстан боксшысын қолдайтынын талай рет мәлім еткен. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!