Қазақстан ФИФА рейтингісінде 11 орынға жоғарлады

Фотография - Қазақстан ФИФА рейтингісінде 11 орынға жоғарлады

Ал әлемдік рейтингтің көшін осы жолы Бельгия басталды

287 0

Қазақстан ұлттық құрамасы ФИФА рейтингісінде 11 орынға жоғарлады. Бұл мәліметті ФИФА-ның ресми сайты жариялады.  

Қазақстан құрамасы қазан айында екі ресми кездесу өткізді. ЕУРО-2016 аясында өз алаңында Нидерланды футболшыларын қабылдап, 1:2 есебімен ұтылған. Ал келесі кездесуін сырт алаңда өткізіп, Латвиядан 1:0 есебімен басым түсті. Осы нәтиженің аоқасында Қазақстан құрамасы өткен аймен салыстырғанда 11 сатыға жоғарылады. Қазіргі кезде 131-ші орында тұр. 
Алғашқы ондықта да айтарлықтай өзгерістер орын алды. Көш басына тұңғыш рет Белгия құрамасы көтерілді.Екінші орында Германия, үздік үштікке Аргентина құрамасы енді.

ФИФА рейтингісі: 

1 (3). Бельгия –1440 ұпай,
2 (2). Германия –1388,
3 (1). Аргентина –1383,
4 (4). Португалия –1364,
5 (9). Чили –1288,
6 (6). Испания –1287,
7 (5). Колумбия –1233,
8 (7). Бразилия –1208,
9 (10). Англия –1179,
10 (11). Австрия –1130,
...131 (142). Қазақстан –199.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!