Батысқазақстандық ескекші А.Дергунов олимпиада жолдамасын ие болды

Фотография - Батысқазақстандық ескекші А.Дергунов олимпиада жолдамасын ие болды

Бұл А.Дергуновтың екінші олимпиадасы болмақ

146 0

Индонезияда байдарка мен каноэдан өтіп жатқан Азия чемпионатында батысқазақстандық ескекші Алексей Дергунов табысты өнер көрсетті.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, 1 мың метр қашықтықта Алексей екі адамдық қайықта ескек есуден жеңімпаз атанып, алдағы жылы өтетін Рио-де-Жанейро олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды.  Бұл А.Дергуновтың екінші олимпиадасы болмақ. Ол 2012 жылы Лондонда өнер көрсеткен болатын.

Еске сала кетейік, осыған дейін тағы бір батысқазақстандық ескекші Андрей Ергучев Италияның Милан қаласында өткен әлем чемпионатында қазақстандық төрттік құрамында 1 мың метрлік қашықтықта олимпиада жолдамасын еншілеген еді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!